Денсаулық

АҚШ Қазақстанмен бірлесіп, жаппай қырып-жою қаруларына қарсы күресті жалғастыра береді - Кристофер МакКейб

АҚШ Қазақстанмен бірлесіп, жаппай қырып-жою қаруларына қарсы күресті жалғастыра береді - Кристофер МакКейб

АҚШ жаппай қырып-жою қаруларының таралуына қарсы Қазақстанмен бірлесе күрес жүргізуді одан әрі жалғастыруға үміт артады.

Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясының жаңадан салынып жатқан Автокөлік өткізу оқу бекетінің іргетасына капсула салу рәсімі барысында Алматыдағы АҚШ Бас консулының міндетін атқарушы Кристофер МакКейб мәлімдеді.

«АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық ортақ мүдделер мен өзара сыйластыққа негізделген. Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің дамуына қолдау көрсету -  біз үшін үлкен абырой. Бұл жаңа оқу өткізу бекетінің құрылысына АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Экспорттық бақылау және шекаралар қауіпсіздігі» бағдарламасы тарапынан 1 млн. 200 мың доллар бөлінді. Бағдарлама мен Қазақстанның шекара қызметі арасындағы ынтымақтастық сонау 2000 жылдан бастау алады. Содан бері, күні бүгінге дейін бағдарлама тарапынан Қазақстанның шекара қызметіне 27 млн. доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.АҚШ жаппай қырып жою қаруларының таралуына қарсы Қазақстанмен бірлесе күрес жүргізуді одан әрі жалғастыруға үміт артады. Бұл қазір жартылай болса да жүзеге асып жатыр. Бүгінгі жаңа оқу бекетінің құрылысы - соның бір айғағы. Бұл нысан Академияға жоғары білікті шекарашы мамандарды даярлауға мүмкіндік береді, - деді К. МакКейб.

Осыдан кейін, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры, полковник Дархан Ділманов мен Алматыдағы АҚШ Бас консулының міндетін атқарушы Кристофер МакКейб жаңа оқу бекетіне қатысты сертификатқа қол қойды. Кейін бұл сертификат капсулаға салынып, оқу бекетінің іргетасындағы арнайы ұңғымаға қойылды. Дархан Ділманов пен Кристофер МакКейб капсула салынған ұңғыманы цемент ертіндісімен толтырып, бекітті.