Ғалымдар Охот теңізінде жануарлардың 500 жаңа түрін тапты
Ғалымдар Охот теңізінде жануарлардың 500 жаңа түрін тапты
Терең суды зерттейтін SokhoBio ресей-герман ғылыми экспедициясы Охот теңізінің акваторийінде жануарлардың 500 жаңа түрін анықтаған. Бұл туралы экспедиция бастығының ғылым бойынша орынбасары Марина Малютина хабарлады.
«Соның арасында шаянтәрізділер, ұлулар және басқа түрлері де бар», - деді Малютина зерттеу қорытындылары бойынша өткен баспасөз конференциясында.
Маманның айтуынша, Охот теңізі терең суларының кешенді талдауы мүлдем жасалмаған және бұған дейін бұл су қоймасында мекендейтін жануарлардың 50 түрі ғана белгілі болды.
«Академик Лавреньев» ғылыми-зерттеу кемесі Курильск шұңқырында 5 шілде мен 6 тамыз аралығында жұмыс істеген, деп жазады шетелдік БАҚ.