Қазақстанда жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 126 бала көз жұмған

52

Жыл басынан бері өткен жеті ай ішінде еліміздің жол-көлік оқиғалары салдарынан кәмелетке толмаған 126 бала қаза тапқан, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның хабарлауынша, республика бойынша 2015 жылдың 7 айында 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 4 пайызға төмендеген. Еліміздің жолдарында 10 187 жол-көлік оқиғасы болып, онда 14 278 адам зардап шекен, ал өткен жылдың 7 айында 10 627 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 14 737 адамның денсаулығына зақым келген.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан жарақат алушылардың саны да төмендегені байқалады — 12 956 (13 442). Жол-көлік оқиғалары салдарынан 2403 кәмелетке толмаған балалар жарақат алып, олардың 126-ы қаза тапқан», делінген хабарламада.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support