Денсаулық

Қазақстанда жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 126 бала көз жұмған

Қазақстанда жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 126 бала көз жұмған

Жыл басынан бері өткен жеті ай ішінде еліміздің жол-көлік оқиғалары салдарынан кәмелетке толмаған 126 бала қаза тапқан, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның хабарлауынша, республика бойынша 2015 жылдың 7 айында 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 4 пайызға төмендеген. Еліміздің жолдарында 10 187 жол-көлік оқиғасы болып, онда 14 278 адам зардап шекен, ал өткен жылдың 7 айында 10 627 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 14 737 адамның денсаулығына зақым келген. «Жол-көлік оқиғасының салдарынан жарақат алушылардың саны да төмендегені байқалады - 12 956 (13 442). Жол-көлік оқиғалары салдарынан 2403 кәмелетке толмаған балалар жарақат алып, олардың 126-ы қаза тапқан», делінген хабарламада.