Ақмола облысында ер адам мешіттен 2 Құран кітабы мен 150 мың теңгені ұрлап кетті
Ақмола облысында ер адам мешіттен 2 Құран кітабы мен 150 мың теңгені ұрлап кетті
Ақмола облысында ер адам аудандық мешіттен садақа салынған жәшікті және екі Құран кітабын қолды қылған деп хабарлады Ақкөл аудандық соты.
Осыған орай Ақкөл аудандық соты Ақкөл қаласындағы аудандық мешіттен 152 285 теңге сомасында садақа салынған жәшікті және екі Құран кітабын ұрлаған азамат Б-ға қатысты 2 ай мерзімге қамаққа алуға санкция берді.