Қырғызстан ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі атанды
Қырғызстан ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі атанды
Бүгіннен бастап Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы Шарт күшіне енді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметінен мәлімдеді.
ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекет қырғыз елінің Одаққа қосылуы туралы Шартты ратификациялау процесін аяқтады. Осылайша Қырғызстан Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения елдерімен бірге ЕАЭО-ның бесінші мүшесі атанып отыр. Алдын ала жоспар бойынша, келесі аптада қырғыз-қазақ кеден шекарасы салтанатты түрде ашылпды. Іс-шараға Президент пен Премьер-министр қатысады деп күтілуде. Бұған дейін қырғыз тарапының кедендік бекеттер мен өткізу пунктерін, зертханаларды ЕАЭО стандарттарына сай келетін қажетті жабдықпен жарақтандырғаны туралы хабарланған болатын.