- Advertisement -

Қырғызстан ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі атанды

66

- Advertisement -

0de17c50ff02603ce8362da0964deb2fБүгіннен бастап Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы Шарт күшіне енді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметінен мәлімдеді. 

ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекет қырғыз елінің Одаққа қосылуы туралы Шартты ратификациялау процесін аяқтады. Осылайша Қырғызстан Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения елдерімен бірге ЕАЭО-ның бесінші мүшесі атанып отыр.

Алдын ала жоспар бойынша, келесі аптада қырғыз-қазақ кеден шекарасы салтанатты түрде ашылпды. Іс-шараға Президент пен Премьер-министр қатысады деп күтілуде.

Бұған дейін қырғыз тарапының кедендік бекеттер мен өткізу пунктерін, зертханаларды ЕАЭО стандарттарына сай келетін қажетті жабдықпен жарақтандырғаны туралы хабарланған болатын.


Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support