Денсаулық

Оңтүстік Қазақстан облысында жас жұбайлар той күнінде ажырасып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында жас жұбайлар той күнінде ажырасып кетті

pogudx6u6n4n4mttu.93c4e024Қазақстанда 55-60 жастағы ер адамдардың 18 жасқа толмаған қыздармен  шаңырақ көтеруі жиілеп кеткен. Одан бөлек, егде жастағы әйелдердің жас жігітке тұрмысқа шығуы да көп кездесуде.

Қазақстандағы некелесу жасы, ОҚО-дағы ең қысқа мерзімді неке және некелесуге қатысты өзге де статистикалық мәліметтерді Әділет министрлігі мен статистика комитеті назарларыңызға ұсынады.

ҰЭМ статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2014 жылы Қазақстанда ер кісілер арасында некенің ең оңтайлы жасы 25-29 жас (57 935 неке) болса, әйелдер 20-24 жаста (73 645 неке) тұрмысқа шығуды жөн көрген. Бұдан өзге 500 неке зейнеткерлер арасында болса, 5 некеде жұбайлардың жас айырмашылығы 40 жасқа барған.

Айта кетерлігі, оңтайлы неке жасы қала мен ауылдарда әрқалай келеді. Мәселен ауылда 20-24 жаста неке құру дұрыс деп саналса, қалалықтар 25-29 жаста некелесуді жөн көреді.

Қазақстанда 60 жасқа келгендердің некелесуі де сирек көрініс емес. Жасы келген ер азаматтар көбіне өз қатарластарына үйленетін болып шықты. 1 354 қарияның 516-сы өз құрдастарына үйленген.

Ал 2014 жылда кәмелетке толмағандар арасындағы ең ерте некелер саны 42-ге жеткен. Олардың 10-ы ауылды аймақтарда болған.

Елімізде ең қысқа мерзімді неке Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелді. Жас жұбайлар некелескеніне 24 сағат болмай жатып, ажырасуға арыз беріпті.

Жас айырмашылықтары үлкен жұбайларға келетін болсақ, 18 жасқа толмаған қыздарға үйленетін ер азаматтар көбіне 55-60 жас аралығында. Мұндай некелер көбіне қалаларда кездеседі.  Ал ауылдарда кәмелетке толмаған қыздарды келіншек ететін ер азаматтардың жасы 39-дан аспайды.

Қалаларда егде жастағы әйелдердің кәмелетке толмаған жеткіншектерге тұрмысқа шығу жағдайлары да болған. Көбіне мұндай некеге 45-49 жастағы әйелдер барады екен (4 неке).

Ал 40-44 жастағы әйелдер келесі орынға жайғасты (2 неке). 35-39 жастағылар да қалыс қалмаған (2 неке). Бұдан өзге 4 некеде қалыңдықтың жасы 60-та, ал күйеу жігіттің жасы 25-29 жас аралығында.

2014 жылы барлығы 159 328 неке қиылып, оның 105 172 қалаларда, ал 54 156 неке ауылды аймақтарда болған.