Денсаулық

Шешенстанда тек әйелдер ғана шомылатын жағажай ашылды

Шешенстанда тек әйелдер ғана шомылатын жағажай ашылды

pogudx1ufcipqapau.d3ecdf11Шешенстандағы демалыс базаларының бірінің аумағында әйелдер ғана бара алатын жағажай ашылды, деп хабарлайды Би-би-си.

Республика үкіметінің сайтынан хабарланып отырғандай, бұл жағажай әйелдерге арналған “Лагуна” демалыс базасының бір бөлігі болмақ және оған тек әйелдер мен 12 жасқа дейінгі ұл балалар өте алады.

«Бұл діни сенім-нанымына қарамастан әйелдер мен балаларға арналған демалыс орны. Бұл әйелдердің шектеулі аумақтағы патшалығы десек те болады», – деп суреттейді демалыс базасын оның әкімшісі Петимат Ағаева.

Үкіметте атап өткендей, жағажайда ерекше қауіпсіздік шаралары сақталған: ол биіктігі үш метрлік дуалмен қоршалған, бұдан басқа, жағажайда ТЖМ құтқарушы әйелдер бекеті жұмыс істейтін болады.

«Лагуна» демалыс базасында ерлерге арналған жағажай әйелдерге арналған демалу орнынан бір шақырым жерде орналасқан. Хабарланып отырғандай, болашақта бұл база «Грозный теңізі» сауықтыру кешенінің бір бөлігіне айналады.