Түркиялық жас жұбайлар үйлену тойында 4 мың босқынды тегін тамақтандырды
Түркиялық жас жұбайлар үйлену тойында 4 мың босқынды тегін тамақтандырды
Түркияда жас жұбайлар туған-туыстарына ұлан-асыр той жасаудың орнына, сириялық босқындарды тамақтандыруды жөн деп шешкен, деп жазады шетелдік БАҚ.
Қалыңдық аппақ көйлегімен, ал күйеу жігіт той костюмін киіп шығып, өз қолдарымен босқындардың ыдыстарына тамақ салған.
Көптеген адамдар үйлену тойы күні қайырымдылық жасаған жас жұбайларға алғыстарын білдіріп, бірге естелік суретке түскен.