Ғалымдар әлемде сүтті ең көп ішетін елді анықтады
Ғалымдар әлемде сүтті ең көп ішетін елді анықтады
Ғалымдар Швеция, Дания және Скандинавияның басқа да елдері жер жүзінде сүтті ең көп тұтынатынын анықтаған. Аталмыш елдің тұрғындары күніне 1,6 стақан сүт ішетіні белгілі болды.
Ал Кариб бассейні елдері газдалған сусын мен басқа да зиянды тәтті сусындарға көбірек әуес дейді жердің әр түкпіріндегі елдердің сусындарды тұтынуы бойынша есепті дайындаған ғалымдар.
Бостондағы (АҚШ) Тафтса университетінің ғалымы Дариуш Мозафаррян мен оның әріптестері PLoS One журналына жарияланған есепті дайындады.
Олар журналда әлемнің 187 елінің алкогольсіз сусындарды тұтынуы бойынша деректер келтірген. Ғалымдар ғаламшар өңірлерінің әрқайсысы түрлі сусынның біріне қатаң географиялық бейімделгенін анықтады.
Мысалы, Швеция, Финляндия, Скандинавияның басқа елдері мен Исландия тұрғындары күніне 1,3-1,6 стақан сүт ішетін болған.
Бұл ғаламшардағы орташа тәуліктік нормадан екі есеге жоғары. Ал тропикалық және кедей елдерде сүтті едәуір аз пайдаланады, деп хабарлайды РИА Новости.