«Белбеуімді босатып көріп пе едің?»
«Белбеуімді босатып көріп пе едің?»
Бір жолы Ахметжан Өзбеков семейлік Сара Тоқтамысовамен айтысады. Сара «Бос белбеу ақын» деп, мұны онша менсінбеген кейіп байқатады. Сонда Ахметжан: – Саражан, алма ма едің, өрік пе едің, Әйтеуір елден асқан көрікті едің. Бос белбеу екенімді қайдан білдің, Белбеуімді босатып көріп пе едің? – деп сөзден сүріндірген екен.
Дайындаған Есет ДОСАЛЫ.