Денсаулық

Павлодар облысында ауылдас әйелге балағат сөздер айтқан ауыл тұрғынына 20 мың теңге айыппұл салынды

The final spritzer

Павлодар облысында ауылдас әйелге балағат сөздер айтқан ауыл тұрғынына 20 мың теңге айыппұл салынды

Павлодар облысы Ямышево ауылының тұрғынына сот шешімімен ауылдасының атына балағат сөздер айтқаны үшін 10 АЕК айыппұл салынды, деп хабарлады Лебяжинский аудандық сотының баспасөз қызметі.

Әйелдер еске алу күнінде зиратта жерлейтін орын үшін жанжалдасып қалған. Яғни, біреуі анасын жерлеуге дайындаған орынға екіншісі өз ұлын жерлеп қойған.

Сот талқылауы барысында Ямышево ауылында зиратта туыстарын жерлеуге  орын арнайы регламенттелмейтіні анықталды.  Қаза тапқан адамды одан бұрын қаза тапқан туысының жанына тек бос орын болған жағдайда ғана  жерлеуге болады.

Істің мән-жайы мен дәлелдерді талдау барысын ескеріп, сот Ж. әрекетінде ұсақ бұзақылық бар деген тұжырым жасады.

Сот балағат сөздер айтқан әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпты деп таныды.