Денсаулық

Қазақстанның "Сарыарқа" кемесі "Каспий теңізі - 2015" байқауында сынға түседі

Қазақстанның "Сарыарқа" кемесі "Каспий теңізі - 2015" байқауында сынға түседі

photo_19517Қазақстанның "Сарыарқа" кемесі "Каспий теңізі - 2015" байқауына қатысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін қазақстандық "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық кемесі "Каспий теңізі - 2015" байқауы аясында Ресей, Қытай және Әзірбайжан суүсті корабльдерінің экипаждарымен алғашқы сайысқа түседі. Төрт елдің әскери теңізшілері артиллериялық оқ атып, кемелерінің жауынгерлік мүмкіндіктерін сынайды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Шарт бойынша әр кеме 12 торап жылдамдықпен берілген бағдар бойынша бір айналымнан өтеді. Бағдар күту аудандарымен, сөре және мәре шептерімен, айып алаңы және жауынгерлік жаттығуларды орындау аудандарымен жабдықталған. Белгі бойынша кеме тиісті секторға көшуді жүзеге асырады және жарқырағыш авиациялық бомба түріндегі шағын көлемді теңіз және әуе нысаналарын, сондай-ақ жүзбелі мина түріндегі суүсті нысананы жоюға кіріседі. Оқ атуларды аяқтап, корабль мәреге жетеді.

Осы кезеңде экипаждың кеме қару-жарағын пайдалануының дәлдігі мен шеберлігі ғана емес, сонымен қатар бағдарды нақты сақтауы, шептен шепке дәл көшуі бағаланады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ертең әскери теңізшілерімізді сынақтың екінші бөлігі күтіп тұрғанын айта кеткен жөн. Онда теңізшілеріміз өрнектеу жалауларын пайдалана отырып, белгіні қабылдау және тарату жылдамдығы, борттың арғы жағында қалып қойған адамды құтқару үшін нүкте координаталарын алу, берілген бағдармен корабльді зәкірге қою бойынша сайысқа түседі.