Қазақстан мен Украина президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады
Қазақстан мен Украина президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Президенттер әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен құттықтады.
Телефон арқылы сөйлесуге украин жағы бастамашылық етті.
ақпарат көзі kazinform.kz