Болашақта адамзат баласы компьютердің себебінен дене қимылын аз жасайтын болады - информатикадан олимпиада жеңімпазы Юн Джи Хак
Болашақта адамзат баласы компьютердің себебінен дене қимылын аз жасайтын болады - информатикадан олимпиада жеңімпазы Юн Джи Хак
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда информатика пәнінен мектеп оқушылары арасында өткен XXVII халықаралық олимпиадада бір ғана оқушы абсолютті нәтижеге қол жеткізіп, жеңімпаз атанған болатын. Ол - Оңтүстік Кореядан келген Юн Джи Хак. Осыған байланысты «ҚазАқпарат» тілшісі жас дарыннан қысқаша сұхбат алған болатын.
- Юн Джи Алматыға бірінші рет келуің бе?
- Иә.
- Жасың нешеде және қай қаладан келдің?
- Менің жасым 17-де. Мен Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласынан келдім.
- Информатикамен неше жасыңнан бастап айналыса бастадың?
- Мен информатикаға бастауыш сыныптан бастап қызықтым. Дегенмен, 10 жастан асқан соң мықтап ден қоя бастадым. Бұл олимпиадаға тыңғылықты дайындалдым.
- Бұған дейінгі олимпиадаларда қатысып па едің?
- Иә, өткен жылы бірінші рет қатыстым. Онда да абсолютті нәтижеге, яғни 600 балға қол жеткізіп, жеңімпаз атандым. Менімен бірге тағы бір бала осындай нәтижеге қол жеткізді.
- Осы олимпиадада тапсырмалар қаншалықты күрделі болды?
- Әдеттегідей екі турға үш тапсырмадан алты тапсырма берілді. Бір қызығы, күрделілігі жағынан олар әрқалай болды, тіпті оңай тапсырмалар да қиын тапсырмалар да кездесті. Мұндай кезде шатасып қалу оп-оңай. Сондықтан осы жағына барынша сақ болуға тырыстым.
- Жалпы олимпиада қандай деңгейде өтті?
- Олимпиада өте жоғары деңгейде өтті. Маған қатты ұнады. Өте қолайлы жағдай жасалды. Мысалы, өткен жылғы олимпиадада біз суық, жайсыз жатақханаға орналасқан едік. Ал биыл барлығы жақсы болды.
- Юн Джи информатиканың болашағы туралы не айтар едің?
- Меніңше, болашақта адамзат баласы компьютердің себебінен дене қимылын аз жасайтын болады деп ойлаймын. Өйткені барлық дерлік сала компьютердің арқасында автоматтандырылады да, көп әрекет пернетақтаның түймесін басумен шектеледі. Яғни, бағдарламалауға өте көп көңіл бөлінеді деген сөз. Сондықтан, дене қимылы мен ақыл-ой әрекеті арасында бәрібір үйлесімділік болуы керек сияқты. Бұған осы бастан негіз жасалуы керек.
- Әңгімеңе рахмет.
ақпарат көзі kazinform.kz