Денсаулық

Әлішер Кәрімов Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап жаңа бейнебаян түсіруде

Әлішер Кәрімов Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап жаңа бейнебаян түсіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал әнші Әлішер Кәрімов өзінің жаңа бейнебаянын Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арнағанын мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің Инстаграмм парақшасында жазған. «Мен дүниедегі ең бақытты адаммын, себебі  әлемнің ең керемет елінде өмірге келдім! Біздің елімізде 100-ден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті, тыныш өмір сүруде. Таяуда менің сүйікті Қазақстаным туралы жаңа видеом жарыққа шығады. Мен оны Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арнадым! Бірлігіміз жарасқан, көз тимесін еліме!» - деді Әлішер Кәрімов.

ақпарат көзі kazinform.kz