Мүмкіндігі шектеулі, шеберлігі шексіз
Мүмкіндігі шектеулі, шеберлігі шексіз
Тоғызқұмалақтан мүгедек спортшылар арасында өткен облыс біріншілігі мәресіне жетті
Тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен мүгедек-спортшылар арасындағы облыс чемпионаты өткізілді. Облыстың әр ауданынан келген тоғызқұмалақ ойынының шеберлері өзара кім мықтыны анықтады. Он үш спортшы бақ сынаған додада көз сырқаты барлар арасында Шамиль Ришат (Қордай ауданы) – 1-орынды иеленсе, Ермек Атакөзиев (Тараз қаласы) – 2-орынды, Бекзат Таласбаев (Тараз қаласы) 3-орынды қанжығаға байлады. «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен жарыс барысында, сонымен қатар, әйелдер арасында да мықтылар анықталып, көз сырқаты және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшыларға жүлделер үлестірілді. Ұлттық спорттың дамуына үлес қосып жүрген бұл азаматтардың мүмкіндігі шектеулі болғанымен, шеберліктері шектеусіз екендігі көңіл қуантады.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».