Денсаулық

Қазақ жігіті ағылшын фильміне түседі

Қазақ жігіті ағылшын фильміне түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық Димаш Әділет Ұлыбританиядан Instagram әлеуметтік желісі туралы деректі фильмге түсуге шақырту алды. Фильмде желі арқылы танымал болған адамдар жайлы баяндалады. Димаш Instagram-ға осыдан үш жыл бұрын тіркелген. Бастапқыда күнделікті сурет­­терін жүктеп, өміріндегі қызық­тар мен алған әсерлерін ортаға салып отырған. Уақыт өткен сайын жазылушылары көбейіп, танымалдығы арта түседі. «Танымал болуды мүлдем ойлаған жоқпын. «Көппен көрген - ұлы той» демекші, елмен бірге тіркелдім. Ал парақ­шама жазылушылардың саны артқан кезде желіні мүлдем басқа мақсаттарда пайдалануға болатынын түсініп, белсенділік таныттым. Атап айтқанда, жарты жыл бұрын жазбаларымның форматын өзгерттім. Енді тек суреттер ғана емес, әр түрлі та­қырыпта шағын әңгімелер жа­зып, жариялай бастадым. Нә­тижесінде, оқырмандарымның саны бұрынғыдан да еселене түсті», - дейді Димаш. Бүгінде ол Швейцарияда білім алып жүр. Сондықтан оған жазылушылардың қатарында ағылшынтілділер өте көп. Соны ескеріп өзі де жазбаларын орыс және ағылшын тілдерінде жария­лайды. Қазақ жастарының ешкімнен кем емес екенін дәлелдегісі келетін Димаш қатарластарының рухы асқақ, намысы биік және білімді болғанын қалайды, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

 ақпарат көзі kazinform.kz