Денсаулық

Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілді

Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілді. 

ҚазАқпарат құжат мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы 

№122 2014 жылғы 13 қараша, Астана қаласы

Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»

2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр В. Школьник.

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы _______________ Т. Жақсылықов 2014 жылғы 27 қараша

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы __________ Ж. Қасымбек

ақпарат көзі kazinform.kz