Кіші Монро: Головкиннің соққысы күшті, Лемьенің жағы әлсіз
Кіші Монро: Головкиннің соққысы күшті, Лемьенің жағы әлсіз
Биылғы мамырда Головкиннен жеңіліп қалған америкалық боксшы Вилли Монро қазақстандықтың Давид Лемьемен алдағы кездесуіне болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Лемье қауіпті боксшы, ол жақын қашықтықта жақсы жұдырықтасады. Бұл өте жақсы, себебі Головкинмен мен жұдырықтасқанда осы позицияда барымды салдым. Бірақ ол соққыны жасайды - Головкиннің соққысы дәл тигенде не болады? Лемьенің соққыны қалай қабылдайтынын көрмедік қой. Басымдықты Головкинге берер едім, себебі оның соққысы күшті, ал Лемьенің жағы мықты емес", - деді боксшы tofight.ru басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл кездесуді HBO телеарнасы ақылы трансляция жүйесі арқылы таратады. Ал Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" арнасынан көруге болады.
ақпарат көзі tengrinews.kz