Әлеумет

Қазақстанда жүйкесі сыр бергендерді Қайрат Нұртастың әндерімен емдей бастады

Қазақстанда жүйкесі сыр бергендерді Қайрат Нұртастың әндерімен емдей бастады

Қазақстанда дәстүрлі емес және дәстүрлі медицина  мамандары музыка көмегімен әр түрлі ауруларды емдейді. Әсіресе, олардың айтуынша, ұлттық аспаптарда орындалатын туындылардың пйдасы зор, деп хабарлады Trend.

 Павлодарда ұлттық емші Күмісжан Мұқашева науқастарды қобыз ойнап емдейді. Осы аспап көмегімен ол адам санасын депрессия мен психологиялық ауытқулардан тазартады.

Алматыда “Sal” музыка терпеясы бар. Кәсіби музыкант 45 минут келушілерге  арнап  қазақ аспабында әуен ойнайды. Мысалы, дүйсенбі – саз-сырнай, жұма – домбыра. Әр аспаптың үні белгілі бір органдарды сауықтыруға бағытталған.

Астанада да музыка терапеясын пайдаланатын мамандар бар. Олар магнитафондық жазбаны пайдаланады.

«Көптеген логопедтер тұтығуды музыкамен емдеп жүр. Күн сайын екі сағаттан Моцартты тыңдасаң,  ақаудан арылуға  жеткілікті екені анықталды.  Осылайша балалық шағында актер Жерар Депардье кекештіктен арылған. Алдыңда өзің шеше алмай жүрген міндет бар дейік. Жай ғана Моцартты тыңдаңыз.  Көп ұзамай күрмеуі қиын мәселеңіз  шешімін табады. Бұл композитордың әуені мидың қабығына әсер етіп, адамның парасатын көтеріп, тылсым күш береді. Бұл ғылыми дәлелденген факті», – деді елордалық психолог Аяш Құрбаева.

Қайрат Нұртастың эстрадалық жазбаларын пайдаланып, жүйкесі сыр бергендерді емдейді. Оның айтуынша, төмен дауыспен ән айтатын ер адамдардың композициясы науқастарға жақсы көмектеседі екен.

Мысалы егер адам депрессияға ұшыраса, ол Мүсілім Магомаевтың орындауындағы Фигаро каватинасын тыңдауы қажет.

ақпарат көзі nur.kz