Қазақстанда EXPO-2017 қарсаңында әйгілі “Шығыс экспрессі” іске қосылады
Қазақстанда EXPO-2017 қарсаңында әйгілі “Шығыс экспрессі” іске қосылады
EXPO-2017 аясында “OrientExpress” санатына жататын пойызды іске қосу жоспарлануда. Бұл жөнінде президент жанындағы ОКҚ брифингінде “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК кеңесшісі Роза Асанбаева айтты.
Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймақтарында жаңа турлар дайындалып, қолданыстағы турлар жақсартылуда. ЭКСПО брендінің қолдау көрсетуімен Жібек жолындағы қазақстандық телім бойынша “OrientExpress” санатына жататын пойызды іске қосу мəселесі талқылануда. Яғни пойыз-қонақүйлерді іске қосуды жоспарлаудамыз”, – дейді Асанбаев.
Роза Асанбаеваның айтуынша Жібек жолы негізі дəстүрлі түрде Алматыдан бастау алады. Енді Астанадан бастап əрі қарай Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан жəне одан əрі бағыт алуы жөніндегі мəселені көтеруде екен.
“Онда аталған пойыздың вагондары қонақүй бөлмелерін алмастырады. Ол Ресейдің “Транссібір экспресінің” аналогы болмақ”, – деді кеңесші.