ОҚО-да 500-ге жуық кәмелетке толмаған жеткіншек ана атануға дайындалуда
ОҚО-да 500-ге жуық кәмелетке толмаған жеткіншек ана атануға дайындалуда
Оңтүстік Қазақстан облысында ең жас ана 14 жаста. Тағы 500-ге жуық кәмелтеке толмаған жеткіншек ана атануға дайындалып жатыр.
15 жастағы Айгүл өзінің жастығына қарамастан бүгінде үш баланың анасы атанып отыр. Алғашқы баласын 13 жасында дүниеге әкелді. 5 жыл бұрын Айгүлдің отбасы Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген болатын.
Айгүл жағдайы төмен отбасында тұратындықтан, тек 4 сыныпты ғана бітіре алған. Қазір ол балаларымен бірге кризистік орталықта тұрып жатыр.
“Мен 13 жасымда жүкті болып қалдым. Ол туралы тек жүктіліктің 7 айында білдім. Ата-анам маған кінә артпай, бұл жағдайды сабырмен қабылдады”, – дейді Айгүл.
“Аналар үйі” дағдарыстық орталығының тағы бір тұрғыны – 18 жастағы Анастасия. Ол 16 жасында жүкті болып қалған. Ішімдікке салынған ата-анасы қызын сол үшін үйінен қуып шыққан екен.
Бүгінде аталмыш орталықта тағы 4 кәмелетке толмаған ана тұрып жатыр. Ал гинеколог мамандар болса 12-13 жаста жүкті болу мүмкін емес деген пікірді алға тартты.
“Әлі етеккірі де келмеген, жыныстық тұрғыдан дамып үлгермеген 12-13 жастағы жеткіншектердің жүкті болуы мүмкін емес. Жеткіншек әлі жетіліп үлгермеген, жыныстық тұрғыдан да есеймеген. 15 жастан жоғары болса, әбден мүмкін”, — дейді акушер-гинеколог Уриляш Орманова.
Десек те Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең жас ана 14 жаста. Ал кәмелетке толмаған аналардың саны 500-ге жетеді. Қоғам белсенділерінің сөзіне сенсек, олардың көбі жағдайы төмен отбасыдан шыққандар.