Алматыға Олимпиада өткізуге 3-ақ дауыс жетпеді
Алматыға Олимпиада өткізуге 3-ақ дауыс жетпеді
Алматыға Олимпиада өткізуге 3-ақ дауыс жетпеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің басшысы Роман Василенкоға сілтеме жасап.
"Алматы - Бейжің: 40-44. Сенісіздер ме?", - деп жазды Василенко Twitter желісінде, бұдан кейін ол Facebook желісінде "Екі-үш қана дауыс шешіп кетті!!!", - деді.
Айта кетейік, бүгін Малайзиялық Куала-Лумпурде өткен Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 128-сессиясында Қытай делегациясы Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат-қаланың ақтық таныстырылымын ұсынды. Қысқы ойындарды өткізуге Бейжіңнің бақталасы Алматы болды. Айта кетейік, Алматы ХОҚ-қа ресми түрде өтініш берген бірінші қала болды. Бұған дейін сарапшылар Алматы өтінімінің артықшылықтарын атады - осыған ұқсас жарыстарды өткізу тәжірибесі (2011 жылғы Азия ойындары), инфрақұрылым нысандарының 70 пайызға дайын болуы, ықшамдылығы (егер Олимпиада Алматыда болса, ол 30 шақырым радиуста өтеді, ал Бейжіңде бұл көрсеткіш жеті есеге жоғары - 200 шақырым), сонымен қатар, климаты - Алматыда Бейжіңге қарағанда қар қалың түседі.