Қызылорда және Қостанай облыстары Тараздағы аллея құрылысын аяқтайды
Қызылорда және Қостанай облыстары Тараздағы аллея құрылысын аяқтайды
Қызылорда және Қостанай облыстары Жамбыл облысы орталығындағы "Қарахан баба" кесенесі маңындағы скверді абаттандыру жұмысын аяқтайды. Жобаның жалпы құны-150 млн. теңге, мердігер компания-"Жасұлан-Флора" ЖШС. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айының соңында басталған болатын. Дәл қазіргі уақытта скверді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, брусчатка төсеу жұмыстары аяқталып, фонтанды бетондау басталуда. Естеріңізге сала кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған негізгі мерекелік шаралар Тараз қаласында ағымдағы жылдың 9-10 қазан аралығында өтеді деп жоспарлануда. Атап өту керек, соңғы рет кесенені қайта жаңғырту жұмыстары 2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығы қарсаңында "Қазреставрация" республикалық жөндеу-құрылыс және қайта жаңғырту басқармасы Қызылорда филиалының мамандарымен жүргізілген болатын.