Түркиялық кәсіпкер қарамағындағы жұмысшыларға $200 мыңнан сыйақы берді
Түркиялық кәсіпкер қарамағындағы жұмысшыларға $200 мыңнан сыйақы берді
Түркиядағы Yemeksepeti тамаққа тапсырыс беру қызметінің басшысы Невзат Айдын дөңгелетіп отырған бизнесін сатып жіберді. Кәсіпкер қарамағында жұмыс істеген 114 адамның әрбіріне анау-мынау емес 200 мың доллардан сыйақы төлепті, деп хабарлайды epochtimes.ru.
27 миллион долларды жұртқа таратқан Айдынның өзі немістің Delivery Hero компаниясына бизнесін сатудан $589 миллион пайда көрген екен. Ал ол өзін «мырзалық таныттым» деп санамайтын көрінеді. Табысты стартаптың бас директоры мұндай кіріске ұжымның жүкті жұмыла көтеруінің арқасында жеткенін айтады.
Осы ретте Айдын мырзаның өзі былай депті: «Сыйақыны алған кезде адамдар қуанғаннан көз жастарына ерік беріп, айқайлап, барлық эмоцияларын сыртқа шығарып жатты. Кейбірлері маған алғыс хат жазды. Мен оларды толығымен түсінемін. Себебі енді олар армандаған нәрселерінің бәрін сатып ала алады. Ал бұрынғы 5 мың лиралық жалақы болса, ештеңеге жетпей титықтайтын еді. Мен адамдарға берген үстіне бере түскім келеді».
Бір қызығы, Yemeksepeti қызметі сатылған жағдайда оның қызметкерлер алдында ешбір міндеттемесі болмаған екен. Жалпы кәсіпкердің ұжымға мұнша сыйақы төлеуі Түркия тарихында ең алғаш рет болған жәйт. Yemeksepeti – түрік жеріндегі тамақ жеткізудің ең ірі сервисі. Тапсырыс 30-45 минутта жеткізіледі.