Жаһан

Ақтөбеде 63 жастағы қария қыздардың тәнін саудалаған

Ақтөбеде 63 жастағы қария қыздардың тәнін саудалаған

pogudx4pn39ifdngg.4d9be9cbАқтөбеде 63 жастағы қария жеңгетайлықпен айналысып, теміржол вокзалы маңындағы пәтерлердің бірінде 28-36 жас аралығындағы қыз-келіншектердің тәнін саудалаған.

Облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері күдіктіні оқиға орнында ұстады. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдиннің айтуынша, жедел алдын-алу шарасы кезінде жезөкшелерден 4 мың теңге тәркіленді.

«Ақша заттай айғақ ретінде қылмыстық іске тіркелді. Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің «Жеңгетайлық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал күдіктіге қаладан шықпау туралы бұлтартпай шарасы қабылданылды»,- дейді ол.

Нақтыласақ, қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алу, жыныстық қызмет ұсыну, тіленшілікпен айналысу, бал ашу дерегі тіркелсе, 20 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

Сондай-ақ 5 күнге қамау жазасы да қолданылады. Ал шетелдіктер дәл осы заңбұзушылықпен ұсталса бірден 5 тәулікке темір торға тоғытылып, елден қуылады.

Жеңгетайлықпен айналысқан адам 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл өтейді. Осыншама қаражатты жезөкшелікпен айналысуға жағдай туғызған адам да өтейді.