Росадо: Головкинге басымдық беремін, өйткені оның соққылары Лемьенікіне қарағанда дәл тиеді
Росадо: Головкинге басымдық беремін, өйткені оның соққылары Лемьенікіне қарағанда дәл тиеді
Орта салмақтағы әлем чемпионы атағының бұрынғы үміткері 29 жастағы америкалық Габриэль Росадо қазақстандық Геннадий Головкинмен де, канадалық Давид Лемьемен де жұдырықтасқан.
Росадоның пікірінше, екі боксшының да соққылары осал емес, алайда бұл кездесуде олардың дәл тиюі шешуші рөл атқармақ. Бұл тұрғыда спортшы басымдықты қазақстандыққа беріп отыр, деп жазады vesti.kz. Еске сала кетейік, Головкин мен Лемье жекпе-жегі 17 қазанда өтеді деп жоспарланған.
«Головкиннің соққылары көздеген жеріне тиеді, - деді Росадо. - Лемьемен күш сынасқанда ауыр жарақатым болған (бет сүйегінің сынуы). Головкинмен кездескенде мұндай жарақат болған жағдайда, мен Лемьеге қарсылық білдіргендей қазақстандықтың соққыларына төтеп бере алмас едім. Ол кезде жағдай өзгеше болар еді. Ешбір боксшы бет сүйегінің сынуы жарақатымен 10 раунд бойы Головкинге қарсы тұра алмас деп ойлаймын».