Қазақстандық бойжеткен Қырымда өткен сұлулық байқауының вице-аруы атанды
Қазақстандық бойжеткен Қырымда өткен сұлулық байқауының вице-аруы атанды
Севастопольде 19-шы халықаралық сұлулық байқауы Қара теңіздің жағалауында өткізілді деп хабарлайды NUR.KZ “Севастопольские новостиге” сілтеме жасап.
Шоу Әскери-теңіз флоты күніне орай ұйымдастырылып, байқауға Ресей, Қазақстан, Башқұртстан арулары қатысты.
“Қара теңіздің інжу маржаны – 2015″ тәжі байқау жеңімпазы атанған севастопольдік ару Светлана Гиряға бұйырды.
Бірінші және екінші вице-ару атақтары, сәйкесінше Краснодардан келген арулар Татьяна Ковшарова мен Кристина Вариводаға берілді. Ал халықаралық жобаның вице-аруы атағына қазақстандық Марианна Хаджамова лайық деп табылды.
Халықаралық жоба қатысушыларына арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.