Әлеумет

Жамбыл облысында жолаушылар жолынан қалдырған полициямен шекісіп қалды

Жамбыл облысында жолаушылар жолынан қалдырған полициямен шекісіп қалды

pogudx4akdhprqmki.b6e5ba73Автобус жүргізушісі кесірінен 50-ге жуық жолаушы тас жолда қалды. Қоғамдық көлік иесінің адам тасымалдауға лицензиясы болмай, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Жамбылдағы бекеттен түсірілді.

Түркістаннан Алматыға шыққан жұрт түн ішінде жарты жолда сандалып жүрді. Бәрі мінерге көлік іздеп басымен қайғы болған. Жолаушыларға қолайсыздық туғызған автобус жүргізушісі екен.

Оның адам тасымалымен айналысуға рұқсаты болмаған. Тіпті жүріп-тұру бағытын айқындайтын тахографы да жұмыс істемей тұр. Осы кемшіліктері үшін автобусынан жолаушылар түсіріліп, өзі кері қарай қайтарылды.

Автобус жүргізушісі Сабыржан Ибрагимов лицензия алу құнының тым жоғары екенін айтып ақталды. Алайда, бұл уәжіне тексерушілерді иландыра алмады.

Ақыры ызаға булыққан азамат, бақылау постындағы жол полицейлерін жемқорлар деп айыптады.

"Ақ жол-ақпарат"