Денсаулық

Тараз қаласының мәдениет және өнер күндері өтті

Тараз қаласының мәдениет және өнер күндері өтті

1438058854_img_1960Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының  ұйымдастыруымен 24 шілде күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында Тараз қаласының мәдениет және өнер күндері өтті. Мерекелік іс-шара «Шашу» биінен бастау алды. Қонақтар «Ұлы Жібек жолы» базарын бейнелейтін көрініспен танысты. Көріністі «Шың» фольклорлық ансамблі «Көне Тараз» күйімен сүйемелдеді. Саябақтың балбал тастар тұрған аумағында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тірі мүсіндер композициясы көрініс тапты. Онда батыр киімін киген, қолдарына байрақ, найза басқа да қару жарақ ұстаған қазақ батырлары орналасты. Ортада ақ киіз үстінде тақта отырған Керей мен Жәнібек ханның тірі мүсіні орын алды. Алаңда гүлзарды айнала шатырлар тігілді. Шатырдың астында ТарМПИ, ТарМУ, ТИГУ және Жамбыл политехникалық, Абай атындағы гуманитарлық колледждері дайындаған қолөнер шеберлерінің көрмесі, ағаштан жасалған бұйымдары, қаланың болашағын көрсететін макеттері орналасты. Сондай-ақ, этномәдени орталықтарының әзірлеген ұлттық тағамдары мен өнерлері ұсынылды. Жиналған көпшілік Тараз өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, өнерпаздарға облыс әкімдігінің ықылас гүлі табыс етілді. Іс-шара соңы от шашуға ұласты.