Басты жаңалық

Непалда тәуіп 10 жасар баланы құрбандыққа шалды

The final spritzer

Непалда тәуіп 10 жасар баланы құрбандыққа шалды

pogudx6p26894je35.cc8577caНепалдағы елдімекендердің бірінде 10 жасар бала құрбандыққа шалынды деп жазады Reuters. Дживан Кохардың денесі Кудийя елдімекені іргесіндегі егістік алқабынан табылған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қылмыскерлер баланың басын кесіп алыпты.

Тергеу барысында белгілі болғаны, сәбиді өлтіруге тапсырысты Кодай Хариджан есімді жергілікті тұрғын берген. Ол өзінің науқас баласын емдеу мақсатында тәуіпке барған көрінеді.

Әлгі емші болса баланы ауруынан айықтыру үшін өзге сәбидің қаны керектігін айтқан. Хариджан ойнап жүрген 10 жасар баланы алдап, ауылдың шетіне шығарып, тәуіппен бірге оны құрбандыққа шалғаны анықталды.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, қайтыс болған бала да, оны өлтіруге тапсырыс бергендер де жоғарғы таптың өкілдері.

Полиция қазір бұл іске қатысы бар деген күдікпен 11 адамды қамауға алды. Олардың бесеуі өз қылмыстарын мойындап отыр. Ал, құрбандықтан кейін Хариджанның ұлы ауруынан айықпаған.