Тараз
Тараз
Магистральдық және кварталішілік жылу желілерін жөндеп жатқандықтан, қала тұрғындары екі ай ыстық сусыз отыратын болды. Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Ахаев хабарлағандай, облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің тұтынушыларына ыстық су беруді тоқтату Қазақ хандығының 550 жылдық тойына дейін жылу желілерін жоспарлы жөндеу қажеттілігінен туындаған.