Сарысу
Сарысу
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жаңа мүшелермен толықты. Олардың қатарында «ЕуроХим» ЖШС-ның директоры И.Ю.Георгиади бар. Партия қатарына қабылданғандарды аудандық филиал төрағасының орынбасары Қ.Әукенов құттықтап, олардың шаңырақтарына шаттық, еңбектеріне табыс тіледі. Кездесу кезінде Қаратау тау-кен өндірістік кешенінің жетекші экономисі А.Охабаев партия қатарына өту жөнінде өтінішін білдірді.