Құқық

Жамбыл облысында екі жігіт битум құйылған цистернаға батып кетті

Жамбыл облысында екі жігіт битум құйылған цистернаға батып кетті

pogudx2n6ip8hkkqgg.c0e8648fТараз маңындағы Үшбұлақ стансасында орналасқан «Арсико Строй Инвест» ЖШС асфальт-бетон зауытында екі жігіт битум құйылған цистернаға батып кетті деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Белгісіз себептермен битум болған цистернаға екі ер адам құлап түскен. Біреуі — 23, ал екіншісі — 21 жаста. Олар оқиға орнында қаза тапты.

Жамбыл облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының қызметкерлері екі адамның мәйітін алып шығып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Ер адамдардың мерт болуы жағдайының себептері анықталып жатыр деді Жамбыл облыстық ТЖД.

"Ақ жол-ақпарат"