Ғалымдар: Аптап ыстық жалғаса беретін болса, 2045 жылы дүниежүзін топан су басуы мүмкін
Ғалымдар: Аптап ыстық жалғаса беретін болса, 2045 жылы дүниежүзін топан су басуы мүмкін
Ғалымдар бұрынғыша күннің жаһандық ысуынан қауіптенуде. Олардың Арктикадағы мұздықтың еру салдары жайлы болжамдары үрей тудырады.
Олар ғаламшарда жоғары температура осылай жалғаса беретін болса, Дүниежүзілік мұхит деңгейі көтеріліп, АҚШ, Австралия, кейбір еуропалық қалаларды су басуы мүмкін екенін айтады.
Қазір Арктикада халықаралық экспедиция жұмыс істеуде. Олар мұздың еру жылдамдығы 25 пайызға ұлғайғанын анықтады. Мұндай қарқын сақталатын болса, 2045 жылы Дүниежүзілік мұхит қатты жамылғысынан толықтай айырылуы ықтимал.