Аптап ыстықтан 1200 адам ауруханаға түсті
Аптап ыстықтан 1200 адам ауруханаға түсті
Жапонияда аптап ыстықтан 1200-ге жуық адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды 24.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, 3 науқас ес-түссіз жатыр. Басына күн өткендердің ішінде ашық аспан астында футбол ойнап жүрген жас балалар көп. Елде күн бірнеше күннен бері шыжып тұр. Ауа температурасы 39 градусқа дейін көтерілген.
Мамандар тұрғындарға сыртқа шықпай, салқындатқыштарды қолданып, үнемі су ішіп жүруге кеңес береді. Осы кезде елдің оңтүстігінде «Халола» атты долы дауыл ойран салуда. Синоптиктердің болжауынша, жақын арада аймақта су тасқыны басталып, көшкін жүру қаупі тұр.