Қазақстанның ДСҰ-ға ресми түрде мүше болу рәсімі 27 шілдеде өтеді
Қазақстанның ДСҰ-ға ресми түрде мүше болу рәсімі 27 шілдеде өтеді
Қазақстанның ДСҰ-ға ресми түрде мүше болу рәсімі 27 шілдеде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтің Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
"27 шілдеде ДСҰ-да Қазақстанның ұйымға ресми түрде мүше болу ресми рәсімі өтеді. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Женеваға келіп жатыр", - деп мәлімдеді өзінің микроблогында Тоқаев.
Еске сала кетейік, 22 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болу туралы келіссөздерінің аяқталғанын жариялады. "Бүгін Женевада Жұмыс тобының ақтық жиналысы болып өтті, онда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуына байланысты келіссөздердің аяқталғаны жария болды", - делінген еді Ақорда хабарламасында. Айта кетейік, Қазақстанның ДСҰ-ға қандай талаптармен кіретіні жайлы келіссөздер 19 жылға жалғасты. Келіссөздердің аяқталғаны 2015 жылдың 11 маусымында белгілі болды. Республика 1996 жылдың 29 қаңтарында өтініш берген болатын.