Ангела Меркель Вагнердің операсында орындықтан құлап қалды
Ангела Меркель Вагнердің операсында орындықтан құлап қалды
Германия канцлері Ангела Меркель немістің Байройт қаласындағы опера театрының мейрамханасында күтпеген жерден орындықтан құлап қалды, ол бұл жерде Вагнердің "Тристан мен Изольда" операсының жаңа қойылымын көріп отырған, - деп хабарлайды РИА Новости неміс ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Оқиға жыл сайын өтіп отыратын фестивальдің ашылу салтанатында болды. Ангела Меркель үзіліс кезінде мейрамханаға барған. Бастапқыда ГФР канцлері талып қалды деп болжанған, бірақ кейін Bild басылымының мәліметінше, Ангела Меркель отырған орындық сынып, құлап кетіпті.
Ақпарат құралдарының мәліметінше, Ангела Меркель оқиғадан кейін дереу есін жинап алған және қойылымның екінші жартысына кіріп кетіпті. Ыңғайсыз оқиғаға тап болса да канцлер қойылымның ұнағанын мәлімдеді.
Ақпарат көзі tengrinews.kz