Түркияда содырлармен байланысы бар деген күдікпен 250 адам тұтқындалды
Түркияда содырлармен байланысы бар деген күдікпен 250 адам тұтқындалды
Түркия полициясы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының жақтастары мен күрд көтерілісшілерін ұстау операциясы барысында 250-ден астам адам қамауға алынғанын мәлім етті, деп хабарлайды ВВС.
13 провинцияда өткізілген операцияға 10 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылған. Атап айтсақ, Ыстамбұлда «Күрдтердің жұмыс партиясы» тобы мен лаңкестердің жақтастары жасырынуы мүмкін деген 100 мекенжай тексеріліп, тінтілді. 20 шілде күні Түркияның Сириямен шекаралас Суруч қаласында жойқын жарылыс болып, қапелімде 32 адам ажал құшқан еді. Тағы 100-ге тарта адам жарақат алды. Түркия билігі жарылысты «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының мүшесі 20 жастағы студент ұйымдастырғанын хабарлаған болатын.