Жаһан

Астанада жауапқа тартылатынын естіген мемқызметкер 10 млн теңге алиментін бірден төлеп тастады

Астанада жауапқа тартылатынын естіген мемқызметкер 10 млн теңге алиментін бірден төлеп тастады

pogudx6gukcn4ag4j.31f58dfdАстанада мемлекеттік қызметкер қылмыстық іске тартылатыны туралы қағаз алысымен 2003 жылдан бері жинақталып қалған алимент сомасын бірден өтеп тастады.

Ол бұрынғы келіншегімен келісімге келіп, ұлының 18 жасқа толғанға дейінгі алименті үшін 10 млн теңге төлеген. Бұл туралы Астана қалалық әділет департаментінің жетекшісі Қанат Мусин мәлім етті.

Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір ішкі істер органдарына борышкерлерді Қылмыстық кодекстің  139 бабы  бойынша қылмыстық іске тарту туралы  723 іс тапсырылыпты.

Сондай-ақ алимент төлеушілердің арасында бірнеше адам 1 млн-нан астам алимент қарыздарын да өтепті.

Жыл басында  Қылмыстық кодекс туралы жаңа заң қолданысқа енді. Аталған заң бойынша алимент төлемегендерге жауапкершілікті күшейту қарастырылған. Егер ер азамат үш айдан бері алимент төлемеген болса, сот атқарушылары оны қылмыстық жауапкершілікке тартып, екі жылға дейін бас бостандығынан айырады.