Жаһан

Бөлме салқындатқышы түрлі ауруларды қоздырады

Бөлме салқындатқышы түрлі ауруларды қоздырады

Бөлмені жазда салқындатып, желдетіп, ал қыста жылытатын бөлме салқындатқышының адам денсаулығына тигізер зияны көп екенін жиі естіп жатамыз. Ал, оның нақты қандай аурулар тудыратынын көпшілігіміз біле бермейтініміз рас. Әсіресе, кондиционер жүйесімен жабдықталған үлкен ғимараттарды желдету жүйелеріндегі микроағзалар осы ғимаратта көп уақытын өткізетін адамдардың өкпе ауруы мен басқа да дертке шалдығуына себеп болады.