Жаһан

Қазақстанда педофилдерге қолданылатын жаза күшейтіледі

Қазақстанда педофилдерге қолданылатын жаза күшейтіледі

Қазақстанда педофилдерге қолданылатын жаза күшейтіледі, - деп хабарлайды 24.kz. Бұл жөнінде бүгін, 24 шілдеде ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахматулин мәлімдеді.

Ақпарат құралының мәліметінше, педофилдердің жазасын күшейтуге қатысты заң жобасы биыл дайын болады. Сонымен қатар, химиялық кастрация жазасын қолдаушылар көбейіп келеді.

"Химиялық шаралар жөнінде осы мәселе қарастырылып, мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тапты. Сондықтан сот шешімімен сондай адамдарға химиялық кастрация жүргізіледі. Биыл осы заңдар шығады", - деді Абай Рахматулин.

Еске сала кетейік, биыл маусымда Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев педофилдерді піштіруді қолданысқа енгізуді ұсынған болатын. "Піштіру даулы мәселе болса да, ол сақтандыру шарасы, ерікті немесе еріксіз, химиялық немесе физикалық. Көптеген елде, оның арасында Ресейде бұл әдіс қылмысты азайту мақсатында енгізілген және бірінші кезекте ол бүлдіршіндерді қорғау мақсатында қолданылады", - деп мәлімдеді ол кезде Исаев.