Жаһан

Ақтөбеде ерлі-зайыпты зейнеткерлер бірігіп, өздеріне қол салды

Ақтөбеде ерлі-зайыпты зейнеткерлер бірігіп, өздеріне қол салды

Ақтөбеде 77 жастағы кейуана мен оның 83 жастағы күйеуі бірігіп, өздеріне қол салған. Қарттардың үйінен мұндай қадамға баруларына адам төзгісіз өмірлері итермелегені жазылған хат табылды.

Зейнеткерлердің денесін ата-анасының жағдайын білуге келген қызы тапқан. Ол бірден полицияға хабар берген.

Оқиға 19 шілде күні Ақтөбенің Киреев көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған. Кейуананы балтамен өлтірген, ал қария ішінен пышақ жарақатын алғаннан көз жұмған.

Белгілі болғандай, 77 жастағы әйел Паркинсон сырқатымен қатты ауырып жүрген. Зейнеткер төсек тартып жатқан екен.

Ерлі-зайыптылар бірігіп о дүниеге аттануға шешім қабылдаған болуы керек. Мұндай болжам жасауға пәтерде табылған хат себеп болды.

Онда “Тіршілік ете алмадық. Кешіріңдер. Қош болыңдар” деген сөйлем ғана жазылған.