Жаһан

Божко Алматыда төтенше жағдай режимі қанша уақыт сақталатынын айтты

Божко Алматыда төтенше жағдай режимі қанша уақыт сақталатынын айтты

pogudx66c6ra8uhcb.a9892298Алматыда ТЖ режимі сел тасқынының салдарын жою бойынша барлық шаралар аяқталғанша сақталады, деп мәлім етті ІІМ министрінің орынбасары Владимир Божко бейсенбі күні брифингте.

Бұл ретте ол ТЖ салдарын жою көп уақытты қажет ететінін атап өтті.

«Қарасаңыздар, өте көп уақыт алатын сияқты (сел тасқынының салдарын жою – ҚазТАГ). (…) Үлкен қойтастар жоғарғы бөгетке тіреліп жатыр, ал Чапаево кентінен төмен қарай сел тасқыны ағызып шығарған тастар көше бойында шашылып жатыр», – деді министр орынбасары.

Еске сала кетсек, 23 шілдеге қараған түні 03.00 сағатта Қарғалы өзеніндегі су деңгей көтеріліп, Қарағайлы және Таусамалы ықшамаудандарын тарады.

Осыдан кейін қауіпсіз жерге көшірілген. Алматыда , оперативтік штаб құрылды.

Сел жүруінің нәтижесінде Алматының үш ауданындағы үйлерді су басып қалды.

Ең көбі Наурызбай ауданындағы Чапаево елді мекенінің үйлері зардап шекті. Әуезов ауданы мен Алатау аудандарының аумағын жартылай су басты.