Жаһан

Қазақстанда 3 сүт-тауарлы ферма ашылады

Қазақстанда 3 сүт-тауарлы ферма ашылады

20130726170042Қазақстанда 3 сүт-тауарлы ферма ашылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл ашруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев мәлім етті.

«Бүгінгі таңда бізде серіктестермен бірге тәулігіне 210 тонна өнім шығара алатын 3 сүт-тауарлы ферманы ашу жөнінде жұмыстар жасалуда. Ол: Ақтөбе облысында тәулігіне 60 тонна сүт өнімдерін өндіре алатын «Milker», Алматы облысында қуаты 100 тонналық «Айынды» және Ақмола облысында тәулігіне 50 тонна өнім бере алатын «АгроТрейдТорг» компаниялары», - деді ол.

Ауыл шаруашылығының мәліметтері бойынша, Қазақстанда 2014 жылы 5 млн. тонннадан астам сүт шығарылған. Сүт өңдеу тауарлары өндірістің 40 пайыз үлесін алады. Жалпы елде 183 өңдеу кәсіпорындары бар. Олар жалпы 3,5 тонна сүт шығара алады.