Жаһан

Ақмола облысында толасыз жауған жаңбырдан бірнеше тұрғын үйді су алды

The final spritzer

Ақмола облысында толасыз жауған жаңбырдан бірнеше тұрғын үйді су алды

Ақмола облысының Еңбекшілдер және Бурабай аудандары аумағында толасыз жауған жаңбырдан бірнеше тұрғын үй мен үй ауласын су алып, тұрғындарды біраз әбігерге салды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәселен, Еңбекшілдер ауданының Үлгі ауылында 15 үйдің ауласын су басып қалса, Бурабай ауданындағы Мәдениет ауылында 5 үй суда қалды. Аталған елді мекендердегі үйлердің маңын судан тазарту жұмыстарына Еңбекшілдер ауданындағы «Степняк Су» коммуналдық кәсіпорнының 1 техникасы мен жергілікті атқарушы органдардың 7 қызметкері және Бурабай аудандық ТЖБ 10 қызметкері мен 15 жергілікті тұрғын жұмылдырылды. Қазіргі кезде аталған тұрғын үйлер мен үй аулалары толықтай судан тазартылды.