Ақтөбе облысының әкімі «Славян базары» жеңімпазына 5 млн теңге табыс етті
Ақтөбе облысының әкімі «Славян базары» жеңімпазына 5 млн теңге табыс етті
«Славян базары - 2015» байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергеновті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қабылдап, құттықтады.
«Димаш елдің атынан лайықты өнер көрсетті. Оның жеңісі - ата-анасы мен педагогтардың еңбегі. Марат Әйтімов үздік жетекші екенін дәлелдеді. Димаштың алда жеңістері көп болады деп сенемін. Оған, туыстарына денсаулық, табыстар тілеймін», - деді де өңір басшысы жеңімпазға алғыс хат пен 5 миллион теңгенің сертификатын берді.