Бомба қойылды деген хабарға байланысты күш құрылымдары «Бішкек Парк» сауда орталығын шұғыл қоршады
Бомба қойылды деген хабарға байланысты күш құрылымдары «Бішкек Парк» сауда орталығын шұғыл қоршады
Белгісіз біреу астаналық «Бішкек Парк» сауда орталығының маңына бомба қойылғандығы жайлы қоңырау шалған, бірақ бұл хабар жалған болып шықты.
Бішкек қалалық ІІБ баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, кеше қас қарайған шақта сауда орталығының жанындағы аялдамадан күдікті чемодан табылған. Сағат 21.00 шамасында астаналық милицияға осы туралы хабар түскен.
Құқық қорғау органдары дереу сауда үйін қоршап, ҰҚК саперлерін шақырды. Оқиға орнына келген мамандар ешнәрсе таппады. Чемодан бос болып шықты, деп хабарлайды КирТАГ.